Үкімет мемлекеттік меншікті азайтып, бәсекелестікті күшейту үшін жекешелендіруді жалғастырып жатыр. Қазірге дейін жалпы құны 918 миллиард теңге болатын 400-ге жуық нысан жеке секторға берілген. Кейбірі қайта ұйымдастырылып, бірқатары сатылымға шығарылды. Тағы бірнешеуі сатуға дайындалып жатыр. ((КСМ)) Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңесте айтылды. Сондай-ақ, жиында ауыл шаруашылығына арналған жердің бәрі цифрлық форматқа көшірілетіні айтылды. Бұл - жер бөлу процесін ашық етуге көмектеседі. Бұдан бөлек, кеңесте мемлекеттік нысандарды тікелей сату тоқтатылып, оларды тек аукцион арқылы сатуды заңдастыру ұсынылды. Үкімет басшысы жауаптыларға бірқатар міндет жүктеді.