Шымкентте пісірілген самса гиннесстің рекордтар кітабына енді. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Дәм дәстүр» тағамдар жәрмеңкесінде еліміздегі ең алып тандыр самса пісірілді. Қызғалдақ пішіндес тағам келушілерге тегін таратылды. Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылған іс-шараға шаһардағы 50-ге жуық мейрамхана өздерінің ең жақсы деген ас мәзірін ұсынды.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
ДәмДәстүрде дайындалған алып самсамыз даярболды. Қазір оны аспаздар таразылайды. Одан кейін оның салмағы егерде 17 келі шықса ол автоматты түрде Гинэстер кітабына енетін болады.
Қазақстанда алып самса алғаш рет Шымкентте дайындалды. «Дәм дәстүр» тағамдар жәрмеңкесінде пісірілгшен тағам қызғалдақ пішіндес. Салмағы 24 келі болды. Қазақстан рекордтар кітабының өкілі бұған дейін еліміздің еш өңірінде көлемді самса пісірілмеген.
БАҚЫТЖАН ТАСТҮЛЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Қазақстанда алып самсаны осы күнге дейін ешкім пісіріп көрген емес. Оның алдында суши жасады, шашлык пісірді, бауырсақ, наурыз көжені пісірді. Ал самса алғашқы рет болып тұр.–енді бұл рекордқа еншу үшін қандай кретери қойып отырсыздар? Салмағы 17 келі болады дейді, бірақ оданда басқа талаптары бар ма? – Жоқ алғашқы рет болғанан кейін ешқандай талап қоймаймыз. Ал енді осыдан кейін тағы біреу алып самсаны жасаймыз Іс-шараға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алып самсаны көзбен көріп бағасын берді. Ресми түрде Қазақстан гинэс рекордтар кітабына тіркеді. Сонымен қатар фестиваль елдің аспаздық астанасы ретінде танылды. Әл-Фараби алаңында палау, кәуап, көже дайындау бойынша шеберлер сайысы өтті. Жәрмеңкеге өзге өңірлерден де қонақтар көп келген.
КЕНЖЕТАЙ ИБЫШЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Негізі Астанадан келіп отрымын. Өзімде аспазшымынтек шығыс тағамдар асханасынан тағамдар жасаймын. Бізде болып тұрады. Мынандайды бірінші рет көріп тұрмы. –Енді аспазбын деп тұрсыз ғой. Сізге сы орайда сұрақ. Жалпы көп аспаздар осы жерде тамақ пісіріп жатыр ғой. Өзіңіз қайсы тағамнан дәм татып көрдіңіз? Қандай аспадығ тағамы ұнады сізге? – Мен енгізі бүгін кәуа жеп көрдім өте ұнады. Негізі Шымкенттің шәшлігі ұнайды маған. Сондай өзі бір порция жейтін нәрсе ғой дәу емес. Тойымды. – Сіздердің өңірде осындай фестиваль болы тұрады ма? –Шынын айтайын онша болып тұрмайды ондай.
Сонымен қатар, аспанға алып әуе шарлары көтерілді! Алаңның бір бөлігінде ретроавтомобильдер көрмесі ұйымдастырылып, мотомаусымның ашылуы болды. Жалпы гастрономиялық фестивальге қаладағы 50-ге жуық кафе ресторан аспаздары ас пісірді.
БЕКСҰЛТАН ӘДІЛХАНОВ, ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біз өздеріңіз білесіздер гастрономиялық қаламыз. Қалада 4 мыңға жуық тамақтану орындар бар. Біз енді өзіміздің гастрономиямызды көрсетуіміз керек. Айтып өткенде орталық азиядан қонақтар келіп жатыр. Өзге қалалардан қонақтар келіпжатыр мото шерудің аясында. Бұл жердетуристер жүр. Оларға өзіміздің гастрономиямызды көрсетуіміз керек. Өзіміздің Шымкенттік кәуіп ,самса, палау дегендей. СОның барлығы гастротуризмге өз септігін тигізеді.
Жәрмеңке соңында ең үздік 4 тағам түрі анықталды. Кәуап, самса, палау және қуырдақ дайындаған аспаздар марапатталды. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.