Қаланы таза ұстау - санитарлық талаптарды сақтау ғана емес, сондай-ақ ол қоғамдық мәдениеттің жарқын үлгісі. Осы ұранды ту еткен тәртіп сақшылары жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар тазалығын сақтау үшін ұдайы профилактикалық шараларды жүргізеді.
Полицейлер белгіленбеген жерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығындағы камералар көмегімен де анықтап, шұғыл шара көреді. Жыл басынан бері Шымкентте аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 1600-дена аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес айыппұл салуға алып келеді. Сондықтан полициялер мегаполис тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.