Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов облыс тұрғындарына онлайн режимде есеп берді. Трансляцияға 17 ауданның полиция басшылығы қатысып, саладағы кем-кетік, жетістіктер жайы сөз болды. Есеп беру департаменттің ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізілді.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Облыстың бас полицейі баяндама барысында өңірдегі 61 ауыл ішімдік сатудан бас тартқанын,  бұл бастама құқық бұзушылық пен түрлі қылмыстың алдын алуға серпін бергенін айтып өтті. Сөзінше, аталған ауылдарда соңғы бірер жылда мүлдем қылмыс тіркелмей,  тәртіп пен тыныштық орнаған.  Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аймақта 1800 бейне камера жұмыс істеп тұр. Оның 277-сі жылдамдықты бақылайтын жүйе.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Бас полицейдің мәлімдеуінде өңірдегі қылмыс көрсеткіші айтарлықтай азайған. Мәселен, былтыр өткен жылдармен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылық 3,2 пайызға, ұрлық – 38,7%-ға, мал ұрлығы – 43,7%-ға азайған. Пәтер ұрлығына қатысты 8, алаяқтық қылмыс жасаған 23, мал ұрлаумен айналысқан 16 күдікті топ ұсталған.

 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Онлайн есеп беру әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, полиция бастығы тұрғындар жолдаған сауалдарға жауап берді. Әлеуметтік желі арқылы 100-ден аса түрлі сұрақ келіп,  Мұрат Қабденов көкейтесті мәселелерге жауап берді.