Шымкентте жүздеген азаматтың мәселесі қоғамдық кеңестің ықпалымен оң шешімін тапқан. Үш жылдан бері 28 басқарманың, 5 құқық қорғау органдары басшылығының есептері тыңдалған. Кеңес мүшелері 90 мәселе қарап, 33 хаттама түзген.

 Түрлі салаға қатысты маңызды мәселе реттейтін 350-ге жуық хаттамалық ұсынымдар мемлекеттік органға жолданған. Соның ішінде 100-ге жуық нормативтік құқықтық акт жобасы қаралып, ұсынымдар мен қорытындылар ұсынылған. Қызылжар тұрғын алабындағы 148 тұрғынның өтініші бойынша магистралды жол бағыты өзгертілді. Тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған азаматтар баспаналы болған. Сондай-ақ, сенімгерлік  басқаруға берілген 3 мекемеге, яғни №2 қалалық емхана, №12 қалалық емхана және залалсыздандыру орталығына  зерделеу жұмыстары жүргізілген.  Нәтижесінде кәсіпкер тарапынан көптеген заңбұзушылықтар байқалған. Қоғамдық кеңестің шешімімен №2 қалалық емхана мемлекетке қайтарылған. Сондай-ақ қоғамдық кеңестің назарынан қаладағы балабақшалардың жайы, Қаладағы тарифтердің қымбаттауына қатысты мәселелер, білім, жол, қоғамдық көлік жайы назардан тыс қалмаған. Қолдау тапқан орта және шағын кәсіпкерлер төлейтін бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету шешімі де кеңестің бастамасымен іске асқан.

 БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Жалпы қоғамдық кеңестің мүшелері белсенді жұмыс жасайды Кенестің өз ғимараты бар Барлық кеңес мүшелері маслихаттың сайтында Каз кеңес сайтында тіркелген. Белсенді түрде жұмыс жасайды.