Кіл мықтыда кім мықты? Бүгін футболдан Махамбет Сапарбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды. Халықаралық жарысқа еліміздің әр облысынан 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жеңімпаз деп танылған үздіктерді ардагер спортшымен үзенгілес болған кәсіпқой бапкерлер мен жары Раиса Райымбекқызының өзі келіп құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.
Нұрдәулет Салыхан – аладоп аламанында «Ең үздік қорғаушы» деп танылды. Жас спортшы қазір қаладағы №17 футбол клубының сапында ойнайды. Жастайынан доп тебуге бейім болған оның ендігі мақсаты айқын. Қазақстан құрамасының үздіктері қатарында болуды көздейді.
НҰРДӘУЛЕТ САЛЫХАН, «ЕҢ ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ»
Бірінші ойнаған командамыз Қостанайды 6:0 есебімен жеңдік. Одан кейін Қазығұрт командасы болды. Оны 4:0 есебімен ұттық. Одан кейін Оңтүстік командасымен ойндық.Одан кейін өзімізің 2010-дармен ойнадық, 9:0 есебімен жеңдік. Ең мықты команда ОҢтүстік акадепмия болды.
5 күнге созылған бәсекеде Түркістан облысы, Өскемен, Қарағанды мен Қостанайлық футболшылар өзара тартысты ойын өткізді. 1-ші, 2-ші орындарға шымкенттік №17 Олимпиада резервінің мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары лайық деп танылса, 3-ші орынды «Оңтүстік академия» командасы қанжығасына байлады.
БАХРОМ ХАДЖИМЕДОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Біз осы жарысқа балалармен әрдайым дайындықта жүреміз. Әр жылы қойылған турнирлерге үнемі дайындықпен жүреміз. Осылай жарысты қызықтырып өткізген 17 школаның ұжымына рахмет айтамын. Осындай жарыстар көбейе берсін, жас споршылармыз шыға берсін.
Ойын соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен кубоктары табысталып, Махамбет Баймырзаұлының жары Раиса Райымбекқызы бағалы сыйлықтарын тапсырды.
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
