HOME CREDIT BANK ке  20 жыл. Осы уақыт аралығында қаржы ұйымы талай ігі іске атсалысты. Атаулы датаға орай  банк қызметкерлері әр қалаға дарақ егу жұмыстарын қолға алған. Бұл жолы мегаполистегі Дендрологиялық саябаққа жас көшеттер қондырылды.

 Банк қызметкерлері қаламын күрекке алмастырып қызу тірлікке кірісті. Банкирлермен олардың серіктестері бірігіп игі іске атсалысты. Жапырағы сая болатын ағаштың бес түрін саябаққа арнайы алып келіпті.  Көктем ерте шығатын Шымқаладағы сябақтың шығыс бөлігін жайқалтты.

КИРИЛ БАЧВАРОВ,  HOME CREDIT BANK БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Бұл біздің «Көмек бергеніме қуаныштымын» атты ортақ жоспарымыздың аясында жүзеге асып жатқан жоба. Біз шараға қатысушылардың барлығына ортақ мақсат қоямыз. Бұл жолы да 100 ден стам дарақ қондырдық. Игі жобаны Шымкентте жалғап жатқанымызға қуаныштымыз.

АРИНА ЛЕПИХОВА,  HOME CREDIT BANK-ТІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
 Қазақстану Бұл жобаңы Қазақстан бойынша жүзеге асырып жүрміз. Негізгі мақсатымыз бБүкіл еліміздің экологиясына  оң ықпал еткіміз келеді. Бұл жобаны Алматыда бастадық Бұл жолы шымкентте дарақ қондырып жатырмыз. Келесі кезекте Астана. Мұнымен тоқтамаймыз табиғатымызды көркейтуге өз үлесімізді қосамыз.

Жобаға тек банк қызметкерлері ғана емес қаржы ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген серіктестері де келді. Асарға келген азаматтар  ұжымға деген ақ тілегін айтып, ортақ мақсатқа жұмылды.  Ынтымақ белгісі ретінде өз  мекемелерінің логотипін жас дарақтарға ілді.

 Дендрологиялық саябақ шаһардың өкпесі. Мұнда мыңдаған ағаш түрі өсіп тұр.  HOME CREDIT BANK-тің қызметкерлері мегаполистің мақтанышына айналған саябақты жайқалтуға өз үлестерін қосты.