Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурыз күні басталды. Көпшілік 29 күн ораза ұстап, ас-тағамнан ғана емес, ғайбат, жалған сөйлеуден тыйылды. Ал айт намазы 30 наурыз күні таңғы сағат 7.00-де қаладағы барлық мешітте оқылды. Енді көпшілік үш күн айттам туған-туыстың шаңырағына сәлем беріп, дастарқаннан дәм татады.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
Айлардың сұлтаны Рамазан айы игі істер айы, рамазан айы бұл жақсы амалдар жасайтын ай. 30 күн ораза ұстап ауыз бекіткен жамағат бүгін ақмешітке жиналып бір-бірімен игі жылы лебіхдесіп, келесі оразаға дейін аман-есен төрт көзіміз түгел жетуін бір-біріне тілектесіп жатты. Өздеріңіз көріп тұрғандай менін артымда орталық мешітке жиналғандардың қарасы қалың. Олардың барлығы бүгін айт намазын бірге оқиды.
Күллі әлем мұсылмандары айт намазын оқыды. Ал Шымкентте сапарлатып немесе білім алып жүрген шетел азаматтары да мешіттерде жамағатпен бірге намазға қатысты. Олардың қатарында үндістандық студенттер бар. 30 күн ораза ұстағандар жұртшылыққа жылы лебізін білдірді.
МУХАММАД ФИРОЗ, ҮНДІСТАН АЗАМАТЫ
/ Рамазан айы күллі мұсылман үшін қасиетті ай. Біз үндістаннан Шымкентке келіп оқып жүрген студенттерміз. Жылда ораза ұстап, ауыз бекітеміз. Биыл айт намазын Ақ мешіт оқу бұйырыпты. Өзімнің достарыммен бірге келіп намаз оқыдық. Енді айттайтын боламыз.
МУЗАХИД АЛЫМ, ҮНДІСТАН АЗАМАТЫ
/ Мен де үндістандық азаматпын. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқимын. Рамазан айында ораза ұстадым. Менің қазақ достарым өте көп. Оларда ауыз бекітіп, игі амалдар жасап жүр. Барлығымыз мешітке келіп айт намазын бірге оқыдық.
Қасиетті күндерде әрбір мұсылман жасауы тиіс амалдар мұнымен шектелмейді. Осы күні ата-ананың разылығын алып, о дүниелік марқұмдарға құран бағыштағанның да сауабы мол дейді тұрғындар. Биылғы оразаның Наурыз мерекесі мен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балайды.
УКАША САЛҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Биылғы жылдың оразасын мынау Алла тағалла түрік халқының наурыз мерекесімн тұспа тұс келтірді. Әз наурыз мерекесі жақсы Республика деңгейінде жақсы аталып өтті. Елдің барлығы ішіп жеуден тыйылып, кешкі ауызашар да наурыз мерекесін атап өтті. Бұл өте құптарлық іс.. Сонымен қатар науқас адамның халін сұрай бару игі ісдейді тұрғындар.
Айт деген сөз мерекелеу, хал сұрау, құттықтау деген мағынаны береді. Бұл күні ағайы-туыс бір-бірінің шаңырағына барып, игі амалдар жасайды.
БАҚДАУЛЕТ АБДУРАХМАНОВ, ҚАЛАНЫҢ БАС ИМАМЫ
Мұсылмандарда ең ұлық екі мереке бар. Соның бірі осы Рамазан айт мерекесі. Көріп отырсыздар мешіттеріміз толы. Тіпті әйел бала шағаларымен жамағаттарымыз келген. Бұл қуаныштың белгісі. Себебі жас сәбиге кішкентай кезінен мұсылманшылықтың мерекесін қазірден көрсететін болсаң ол ертең есейгеннен кейін өз ұрпақтарына көрсетеді. Мұсылманшылық артады. Мереке құтты болсын баршамызға!
Айт намазынан кейін Ақ мешіт алдында спорттық ойын ұйымдастырылды. Азаматтар арқан тартып гір тасын көтеруден жарысты. Айтып өтейік қалада 98 мешіт болса, айт намазы барлығында оқылды.