Қазығұрт ауданының оқушылары табиғатты қорғау, көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірлесіп көшет отырғызды. Бұл шара жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.
Мұндай акциялар балалар үшін қызық қана емес, оларды табиғатпен үндестіруге мүмкіндік береді. «Өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті сіңіру – тәрбиенің басты бағытының бірі болуы керек», - дейді ұйымдастырушылар.
Оқушылардың экологиялық сауатын жастайынан арттыру маңызды. Олардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген танымдық көзқарасын дамыту, сабақтан тыс демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, егілген көшеттерді баптау және күтіп ұстауды машықтану керек - дейді Ұлттық табиғи парк қызметкерлері.
Акция аясында оқушылар мектеп орманшылығы ұйымының бастамасымен өз қолымен жасаған құс ұяларын ағашқа ілді. Бұл бастама «Құстарды қорғау» күніне орайластырылып, мектеп оқушыларына табиғатты аялаудың маңызын ұғындыруды көздейді.