Биыл «Оңтүстік» телеарнасына 35 жыл! Осыған орай арна ұжымы Абай саябағында сенбілік ұйымдастырып, 35 түп арша көшетін қондырды.
 Әзірге келіп түскен арпараттар легі осынбай болды. Алда ауа-райы болжамы.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Журналисттің жұмысы мәтін жазып, жаңалық жүргізумен ғана шектелмейді. Көрерменге 24/7 жедел, нақты, боямасыз ақпарат тарататын маман, сондай-ақ оғамдық жұмыстарға белсене араласып, табиғатты қорғауға, абаттандыруға да үлес қосады. Мәселен, бүгін "Оңтүстік" телеарнасының ұжымы бір мезгілі микрафонды  кетпен-күрекке алмастырып, Абай саябағында сенбілік ұйымдастырды.

 Ońtústik - жарты ғасырға жуық тарихы бар телеарна, өңірлік медианың қара шаңырағы. Аймақтағы ақпаратты жедел, нақты және боямасыз тарататын бірегей дереккөз. Ұжым басшысы Саламат Омаш осылай дейді. Биыл қараша айында тарихы терең телеарна 35 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай «35 игі іс» жобасы қолға алынған. Көшет егіп, табиғатты түлету – соның алғы шарты.

 САЛАМАТ ОМАШ, OŃTÚSTIK ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 – «Шымкент қаласы Қазақстандағы саябағы көп, жасыл қаланың бірі. Бұл іс біздің осы қаланы одан әрі көркейтуге, таза ауасын сақтауға кішкентай ғана қосқан үлесіміз.»

Қалам-қағазды құрал-жабдыққа алмастырып, жер ананы жібіткен журналистер, ұжымдаса отырып ағаш екті. Енді көктемек талшыбық, өсіп-өніп, саябаққа таза ауа дарытып, келушілерге сая боларына сенім мол.