Шымкентте триатлоннан ҚР-ның чемпионатты басталды. Бір емес спорттың бірнеше түрі шоғырланған бәйкегеде қатысушылар жүзу, жүгіру және вело жарыс арқылы бақ сынасады.

 17 жастағы Оразбек Аманат – ел біріншілігінде Астана қаласының намысын қорғайды. Спорттың бұл түрімен 6 жылдан бері тұрақты түрде шұғылданатын азамат: «триатлон дене белсенділігін артырып, оны жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді», - дейді.

 ОРАЗБЕК АМАНАТ, СПОРТШЫ
– «Ол /бұл/ өте қызық спорт! Бассейнде жүзе аласың, далада жүгіре аласың. Сосын әриен велосипед.. Велосипед ол ең қызығы, ең күштісі.»

Ермек Дәрменовтың сөзінше, көктемі ерте келіп, күн-райы  жылы болатын Шымкент – триатлон бәсекесін өткізуге ыңғайлы өңір. Табиғи жағдайы қолайлы. Сондықтан да ел біріншілігін өткзуге осы қала таңдап алынған. Дүбірі дода 4 күнге жоспарланған. Ұлдар мен қыздар арасында өтететін жарысқа 8 өңірден 140 қатысушы келген.

 ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– Триатлон спорты – бұл шынайы шымырлықты қажет етеді. Бір спорттың ішінде бірнеше спорттың үлесі бар. Бұл шымырлыққа әкеліп тәрбиелейді.» -

 Спортшылар жас ерекшелігін қарай әртүрлі санатқа бөлінген. 13 және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер 300м-ге жүзіп, 2км-ге жүгіреді. Сондай-ақ 8 шақырымды велосипед арқылы басып өтуі шарт. Ал  17 мен 23 жас аралығындағы спортшылар 750 метр жүзіп, 5 шақырым жүгереді. Сонымен қатар 20 км-ді велосипед арқылы еңсеруі тиіс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алда өтетін әлемдік додаларға жолдама алады.