Футболдан ел чемпионатының 3 тур ойындары өтті. Ордабасы командасы өз алаңында Петропавлдің Қызылжар командасын қабылдады. Түркістан арена стадионында өткен дода 0-0 есебімен тең аяқталды.
Премерлигадағы үшінші ойын да жерлестерімізге жеңіс сыйламады. Ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген Тобыл командасына ауысып кетті. Есесіне бразилиялық шабуылшы Жоао Паулиуно Ордабасы командасы сапында алаңғы шықты. Қақпаны қорғаған Бекхан Шайзада команданы қандай қиын сәттерден болса да голдан аман сақтап қалды. Статистикалық есеп бойынша алаң иелері қанша басым болғанымен, есепке өзгеріс енгізе алмады. Үш турдан кейін екі рет тең ойнаған Ордабасы командасы турнир кестесінің соңғы орнында қалды. Осы турда Түркістанның Тұран командасы Алматының Қайратын қабылдап 1:2 есебімен ұтылып қалды. Турнир кестесінің көшін әлі бірде бір рет жеңіліс көрмеген Алматының Қайрат командасы бастап келеді. «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командаларында әлі жеңіліс жоқ. Ендігі ойындарда жерлестеріміз елордада Астана футболшыларымен күш сынасады. Тұран командасы Қызылжарға қонаққа барады. Чемпионаттың мәресі енді басталды.