Шымкентте 1 сәуір – күлкі күніне орай дәстүрлі фестиваль басталды. Республикалық деңгейдегі іс-шара «Шымкент Думан» деген атаумен биыл белгілі сатирик, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбектің 75 жылдық мерейтойына арналып отыр. Бұл дода қазақ сатирасы мен әзіл-сықақтың дамуына үлес қосып жүрген өнерпаздар үшін үлкен мүмкіндік

Фестивальге қатысуға жолдама алған – Келес аудандық мәдениет үйінің «Күлкі терапиясы» театры. Бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы. Аудан халқының мәдениетін арттырып, күлкі сыйлап жүргендеріне бірнеше жыл болған. Бұл фестиваль өз өнерін ұсынуға мол мүмкіндік – дейді.

БАҚЫТЖАН БАЙМАХАНОВ, «КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫ» ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ         

//1 сәуір күлкі күнімен баршаңызды құттықтаймын. Күлкі деген шынында да витамин ғой, адамға керекті дүние//

Фестивальге дәл осындай 6 театр қатысып отыр. Олардың өнерін сатира сарапшылары бағалайды. Шығармашылық ұжым қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп, көрерменді күлкіге қарық қылумен қатар, қоғамдағы жайттарға астарлы ой тастауы қажет.

 МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ    

/ «Шымкент Думан республикалық фестивалін өткізу бойынша ұсыныс акимат тарапынан қолдау тауып, мәслихатта мақұлданып, қаржы бөлініп ұйымдастырылып отыр. Күлкі күніне орай ашылуы басталып жатыр/

Көпен Әмірбек – қазақ сатирасының дамуына зор үлес қосқан тұлға. Оның қаламынан туған туындылар ел аузындағы аңызға айналған. Биылғы фестивальдің ардақты тұлғаға арналуы – оның шығармашылығы мен тұлғасына құрмет.

ЕРСҰЛТАН ӘМІРБЕК, К. ӘМІРБЕКТІҢ ІНІСІ, ЖУРНАЛИСТ   

/Оспанхан Әубәкіров Көпен ағымыздың ұстазы. Сол кісі қайтыс болғанда О. Әубәкіровтың әйелі бейітінің басына не жазамыз, бір шумақ өлең жазып берші деп Көпеннен сұрапты, сол кезде Көпен аға «Ешкімге ренжіме, ешкімді ренжітпе» деген О. Әубәкіровтің сөзін жазып қалдырыпты.//

Фестиваль 2 күнге созылады. Театрлар 2 қойылым ұсынып, өзара мықтыны анықтайды. Бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңге беріледі. Басқа да ақшалай сыйлықтар қарастырылған, тағы К. Әмірбек атындағы арнайы сый да болады.