Мерекелік шеруді қала тұрғындары теарналардан, барлық қаладағы LED экрандардан және Қорғаныс министрлігінің YouTube арнасынан тікелей эфир арқылы тамашалады. Шымкенттегі әсчкери бөлім қызметкерлері салтанатты шеруді әнұранмен бастады.


 Бұл әскери шеру Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби дайындығы мен техникалық әлеуетін көрсететін маңызды оқиға. Ел мерейін үстем етіп, халықтың патриоттық рухын көтеретін шара Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күндердің бірі болатыны сөзсіз.


 Шерідің екінші бөлімде көрермендер назарына механикаландырылған колонналар ұсынылды. Бұл қатарда тарихи жауынгерлік техникалар мен қазіргі заманғы заманауи қару-жарақтар өз шеруін өткізді. Шерудің шарықтау шегі — әуе парады. Қуатты қозғалтқыштар гүрілі мен аспанды тіліп өтетін авиация — елдің әуе қорғанысының темір қанаты мен айбынды рухының белгісі.


 Шымкентте әскери шеруге дейін аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында игі іс-шара өткізді. Полковник Бахытжан Ашимовтың жетекшілігімен әскери қызметшілер «Абай» саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалын тазалау және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараға 50-ге жуық әскери қызметші қатысып, бірнеше мың шаршы метрден астам аумақтты қоқыстан тазартылып, мемориал маңайын жуып-сүртті. Жауынгерлер бұл бастаманы Отан үшін от кешкен ардагерлерге тағзым мен құрметтің бір көрінісі ретінде қабылдап, өз еңбектерін ел рухын көтеруге бағытталған іс деп бағалады. «Таза Қазақстан» акциясы бүкіл ел бойынша өткізілуде және экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, азаматтық белсенділік пен патриоттық тәрбиені нығайтуды көздейді. Бұл бағытта әскери бөлімнің үлесі айрықша, себебі әскери тәртіп пен ұйымшылдық мұндай бастамалардың табысты өтуіне үлкен үлес қосады.


 Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын Шымкентте полицейлер де атап өтті. Қалалық полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара жас тәртіп сақшыларының ант беру рәсімінен басталды. Ішкі істер органдарының қатарына жаңадан қосылған 21 жас маман Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.


Мерекелік жиында қызмет бабында ерекшеленген 100-тен астам полиция қызметкері Ішкі істер министрлігінің және департаменттің алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталды. Іс-шара соңында патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға дәстүрлі әскери дала ботқасы ұсынылды. Бұл – ардагерлердің ерлігіне деген тағзым мен бүгінгі буынның абыройлы қызметіне көрсетілген құрметтің белгісі болды.


Айтулы мерекеде әскери қызметте алдыңғы шепте еңбек етіп жүргендерді насихаттауды жөн көрдік. Шымкенттегі 35748 әскери бөлімінде өз ісіне жоғары кәсібилікпен және адалдықпен қарайтын екінші сыныпты сержант Ережепов Қанат қызмет атқарады. Әскер қатарындағы 20 жыл қызмет барысында Канат Ережепов жоғары әдістемелік дайындығы бар сержант ретінде өзін таныта білді. Ол тек білім беріп қана қоймай, бағынышты бөлімшеде сержанттық құрам жұмысының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ете алады. Екінші сыныпты сержант Қанат Ережепов – жас сарбаздарға деген шынайы қамқорлықты, әділеттілікті және табандылықты бойына сіңірген нағыз әскери кәсіби маманның үлгісі. Оның сержанттар корпусын дамыту мен артиллериялық бөлімшенің жауынгерлік қабілетін нығайтуға қосқан үлесі зор бағалауға лайық.


Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні аталып өтті. ҚР ІІМ «Ұлттық ұланының» №5574 әскери бөлімінде өткен патриоттық іс-шарада әскери сала өкілдеріне марапаттар тапсырылып, құрмет көрсетілді.


 Рухты оятып, отаншылдықты дәріптеген мерекеде «Ұлттық ұлан» бөлімінің сарбаздары сап түзеді. Сонымен бірге көпшілікке әскери техникалар көрмесі ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалды.


 Айта кетейік, былтыр Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас әскерге аттанды. Биыл да осы көлемде сарбаздар Қарулы күштер қатарын толықтырады деп күтіліп отыр.


Түркістан облысының полицейлері Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өтті. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шеру өткізіліп, Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды.


Облыс орталығының «Жеңіс саябағында» өткен мерекелік шараға ІІО-ның ардагерлері құрметті қонақ ретінде шақыртылды. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бастаған жеке құрам соғыста құрбан болған аталарымыз бен әкелерімізді, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.


 Қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайларына, ардагерлерге бағалы сыйлықтар үлестірілді. Өзінің кәсіби шеберлігі мен жоғары нәтижеге қол жеткізген 100-ге жуық полицейге марапат берілді. Бірқатарына кезекті арнаулы шендері табысталды. Сондай-ақ ішкі істер органдарына қабылданған жас қызметкерлердің Ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Ал жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері ұрыс тәсілдерін көрсетіп, қонақтардың ықыласына бөленді.


 Шара соңы патриоттық әндерге негізделген концерттік бағдарламамен жалғасты. Жиын жеке құрамның мерекелік саптық шеруімен қорытындыланды.