Шымкентте Қазақ киносының күніне арналған республикалық «JARQYRA» кастингі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар өз қабілетін көрсетті.


Кастинг 12 қыркүйек - Ұлттық кино күніне орай ұйымдастырылған. Бір мезетте Қазақстанның 19 қаласында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек байқау емес, жастардың арманын іске асыратын үлкен алаң.


ШЫНАР ДАУЛЕНБЕКҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ЖАРНАМА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Біздің мақсат - өңірлердегі жас таланттарды анықтау. Бұл сынақ емес, кино әлеміне жол ашатын мүмкіндік. 


Іріктеуден өткендер Ұлттық киноны қолдау орталығының актерлік базасына енгізіледі. Бұл оларға болашақ отандық киножобаларға қатысуға мүмкіндік береді.


 НҰРБЕК ӘЛІМЖАНҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ

Досымның ұсынысымен келдім. Бірақ кино саласында жұмыс істеуді бұрыннан армандап жүрмін. Қазір режиссёр мамандығында оқимын. Бұл – сол арманға тағы бір қадам


Қазақ киносы - халқымыздың рухани қазынасы. «JARQYRA» жобасы жаңа есімдерді танытып, ұлттық киноның дамуына серпін бермек.