Мемлект басшысының Жолдауы – еліміздің цифрлық өркениетке қадам басуын, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейді. Еліміздегі экологиялық қауіпсіздік пен мәдени даму мәселелерін қатар қамтыған ауқымды бағдарлама. Жолдауға қаладағы зиялы қауым қолдау білдіріп отыр.


 «Қазақстан цифрлық дәуірде артта қалмауы керек. Біз цифрландыруды елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің басты кепілі ретінде қарастыруға тиіспіз», – деді мемлекет басшысы. Осы бағытта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру және «Цифрлық кодексті» қабылдау ұсынысы – елімізді жаңа өркениеттік деңгейге көтеретін шешім.


 КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 Жолдау халыққа ұнап жатыр. Үйткені халыққа жағымды жақтары көп.цифрландыру жасанды интелект заманның талабы. Сол себепті соны игеру керек. Осы интелект дамыған сайын жастардың да ой өрісі көзқарасы өзгеріп келеді.


Алқалы жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысты. Түрлі бағытта ой өрбіткен ардагерлердің пікірін тыңдап жолдаудың маңыздылығына арнайы тоқталды.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Президентіміздің тамыршыдай қоғамдағы болып жатқан дүниелерді жіті бақылап отырғандығын анық біліп отырғандығын көрсетеді. Біздің міндетіміз басқа елге үлгі боларлықтай етіп осыны жүзеге асыру.


 «Қазақстанның болашағы – цифрлық мемлекет құруда. Біз жаңа дәуірдің көшбасшыларының қатарында болуға тиіспіз», – деген Мемлекет басшысының сөзі – барша қазақстандықтарға ортақ мақсат екені анық. Сондық игі бастамалар жалғасын табары сөзсіз.