Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы шымкенттік тұрғындар арасында қызу талқыланып жатыр. Егде жастағылар жаппай цифрландыру сауаттылықты араттырады деп үміттенеді, ал жастар жасанды интеллектіні қолдап отыр. Жалпы, көпшілік мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды қолдайтынын айтып, еліміздің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді. Жолдау туралы халықтың пікірін сұрап білдік. Тыңдайық...
- Жолдау жайлы енді көп нәрселер айтылды ғой. Мынау қазіргі жастардың тәрбие жайлы жақсы айтылды. Сосын мына экономика жайлы жақсы көтеріліп жатыр. Енді осы жолдаудың нәтижесі болатын шығар құдай қаласа. Әсерін беріп жатыр мына құдай қаласа. Осы жолдаудан кейін халықпен кездесулер көбейіп жатыр. Торғайдың жолын, Батыс, Орталқық Қазақстанның жолдары бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
- Айтып кетті ғой президент жолдауда осындай цифрлыққа өтеміз деді 3 жылдың ішінде. 3 жыл емес ертерек өтсек жақсы болар еді Құдай қаласа. Өйткені халық соған үйренеді. Сауатты болады , әрі білімді болады.
- Маған өте қатты ұнағаны жасанды интелект. Өйткені жасанды интелектті көп жастар қолданады. Қолдаймын жалпы, жасанды интелектімен көп нәрсе істеуге болады.
- Кім біледі енді жаңағы бүкіл дүниежүзі цифрландыруға көшіп жатыр ғой. Енді жаңалық қой бұлда. Мүмкін көтерілу шығар, мүмкін пайдасы бар шығар цифрландырудың.
- Енді жолдаудың бәрі жақсы, тек халық жағында болса дейміз. Нақты айтылғанда халыққа көмек көбірек болса, нақты айлық, жұмыссыздық мәселесі. Басқа жағынан халық өзі ілесіп кетеді деп ойлаймын.