Фестиваль аясында дәстүрлі “Taiqazan” ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі, 10-ға жуық шеберлік сабағы мен ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылды. Цирк әртістері, аниматорлар мен бишілер қала тұрғындарына шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Бүгінде өңір спортшылары 1 800-ден астам ұлттық медаль (оның ішінде 406 алтын), әлем және Азия чемпионаттарынан 184 медаль (58 алтын) жеңіп алған. Олимпиадаға 9 жолдама – Түркістан спортының қарқынын көрсетеді.Сондай-ақ, Түркістанда қысқы спортты дамыту бағытында «Мұз сарайы» ашылып, 400-ден астам жасөспірім хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трекпен айналысуда. Қазіргі уақытта қалада атшабар кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл ұлттық спортты қайта жаңғыртып, Түркістанды ат спортының да орталығына айналдырады.