Шымкент қаласында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейд өткізді.
Рейд барысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген және тәртіп бұзған азаматтарға ерекше назар аударылды. Анықталған барлық жайттар бойынша тиісті шаралар қолданылды. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы бойынша дүкендер мен сауда нысандары тексерілді. Сауда орындарының иелеріне қағидаларды қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе ҚР аумағында заңсыз жүрген азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.