Елімізде репродуктивті технологиялардың енгізілгеніне 30 жыл толып отыр. Осыған орай Түркістанда Қазақстанның репродуктивті медицина ассоциациясының XIII өңірлік конференциясы өтті. Соңғы 30 жылда Қазақстанда көмекші репродуктивті технологиялардың арқасында 46 мыңнан аса сәби дүниеге келген.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында экстракорпоральды ұрықтандыру процедураларының саны жеті есеге артқан. Бұл бедеулікті емдеуге мүмкіндік беріп отыр. 2021–2025 жылдар аралығында шамамен 34 мың экстракорпоральды ұрықтандыру циклі жүргізіліп, нәтижесінде 13 мыңнан аса бала өмірге келген.
САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА, РЕПРОДУКТОЛОГ, ЭМБРИОЛОГ
– «Бұл конференцияның басты мақсаты, жергілікті мамандарды соңғы әлемдік ғылыми жетістіктермен таныстыру.» «Бедеулікті емдеудің қандай озық әдістері бар?»
Конференцияда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Алназарова сөз сөйледі. Айтуынша, репродуктивті медицина саласының елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұшан теңіз. Алқалы жиын аясында бедеулікті хирургиялық жолмен емдеу аспектілеріне арналған пресс-конгресс өтті. Қатысушыларға Қазақстан және шетел клиникаларынан онлайн трансляция арқылы «тірі хирургия» көрсетіледі. Сондай-ақ дәрігерлер мен резиденттерге арналған университеттік курс ұйымдастырылды.
ЛОКШИН ВЯЧЕСЛАВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҰҒА АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР
– «Қазақстанның репродуктивті медицина ассоциациясы 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі конференцияға еліміздің түрлі өңірінен 500-ден аса маман келген. Басты мақсат саланың одан әрі дамуын, әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, мамандардың машығуын қамтамасыз ету. Мамандар өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін ортаға салып жатыр.»
Конференцияда Қазақстан 40-тан астам елден пациенттер мен мамандарды тартатын орталыққа айналғаны айтылды. Бүгінде елімізде елімізде ондаған экстракорпоральды ұрықтандыру орталықтары жұмыс істейді. Генетикалық тесттеуден бастап криоконсервацияға және жекеленген емдеу бағдарламаларына дейін инновациялық технологиялар белсенді енгізіліп келеді.