Қала әкімі Ғабит Сыздықбековке Отырар шағынауданында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған жабық үлгідегі жер үсті контейнер алаңының пилоттық жобасы таныстырылды.
Жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастырып, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту. Жобаның алғашқы кезеңінде 100-ге жуық контейнер алаңын орнату жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл тәжірибе кезең-кезеңімен қала аумағында кеңінен енгізіледі. Аталған бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында іске асырылуда. Сонымен қатар, Ынтымақ және Қайнарбұлақ шағынаудандарында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен көшелердің санитарлық жағдайы тексерілді. Қала әкімі жауапты басқармаға жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қамтамасыз ету және бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.