Шымкентте аты аңызға айналған «SuperStar KZ» жобасына іріктеу кезеңі өтті. Ұзақ үзілістен кейін қайта жаңғырған жоба бұл жолы еліміздің 9 қаласын қамтып, таланттарды іздеуге кірісті. Кастинг қалай өтті оқиға орнынан тілшіміз баяндасын.
Дәл қазір Шымкентте SuperStar KZ жобасының кастингі өтіп жатыр. Алғашқылардың бірі болып дәл біздің қалада басталды. Атмосфера ерекше, қатысушылардың талпынысы мен дайындығы да жоғары екені байқалады.
Кастингте жүз елуден аса қатысушы өз бағын сынап жатыр. Бірі – бала күнгі арманын орындауға келсе, енді бірі – үлкен сахнаға алғаш қадам басуға дайын.
ЖАМБЫЛ ҚАРТАБАЙ, 20 ЖЫЛДАН КЕЙІН КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ ҚАТЫСУШЫ
«Алматы облысы, Екпінді ауылынан келіп отырмын, бірақ кеше Ташкент қаласына тойға бардым. Яғни, бүгін жолым осында Шымкент қаласына түскендіктен, кастингтен осы жақтан өтуді жөн көрдім.» 00:46-01:07 «Жалпы бұл менің алғашқы вокалдық жобам емес.Алайда осы жобада өзімді жаңа бір деңгейге шығарғым келеді.Себебі бұған дейінгі вокалдық жобада көбінесе алғашқы кезең иә-жоқ кезеңінен өтемін де өкінішке қарай екінші кезеңдерден өтпей қала беремін»
Қатысушылардың басым бөлігі – жастар. Алайда олардың көбі бұл жобаның бұрынғы ауқымын толық сезіне бермейді. Себебі «SuperStar KZ» алғаш эфирге шыққан жылдары бүгінгі буын әлі кішкентай еді. Соған қарамастан, жаңа маусым жас таланттарға үлкен мүмкіндік сыйламақ.
ҰЛНАРА МЕЙІРБЕК, ҚАТЫСУШЫ
бұл кастингті маған анам ұсынды. Анамның жас кезінде осы бағдарламаны көреді екен.
Іріктеу кезеңі бір қалада ғана өтпейді. Жоба еліміздің 9 қаласын аралап, таланттарды жинайды.Шымкенттен басталған кастинг бүгінде Ақтауда жалғасып жатыр. Ал соңғы іріктеу Алматы қаласында өтеді. Жастар үшін «SuperStar KZ» – жаңа мүмкіндік, жаңа тәжірибе. Ал аға буын үшін бұл – кезінде талай жұлдыздың жолын ашқан үлкен жоба. Алдағы уақытта осы екі буынның көзқарасы тоғысып, жаңа есімдер сахнаға қадам басады деген үміттеміз.