Шымкентте халықаралық боуллинг турнирі өтті. Төрт күнге созылған сайысқа еліміздің барлық өңірінен қатысушылар келді. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған додаға көрші Өзбекстандық спортшылар да қатысты.


Шапшаңдық пен қырағылықты, мергендік пен дәлдікті талап ететін спорт елімізде көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Жыл өткен сайын оған қызығушылар мен кәсіби түрде шұғылданушылардың қатары артқан. Оның нақты мысалы – мегаполисте өткен ауқымды турнир.


 ҚАНАТ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН БОУЛЛИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
– «Осыған дейінгі өткен турнирлерде қатысушылар саны 20-30-дан аспайтын.» «Сол жұмыстар жасалған соң қазір қатысушылар саны айтарлықтай көбейген.»


Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыстағы бәсекелестік деңгейі жоғары. Түрлі аймақтан шеберлігі шыңдалған спортшылар келген. Олар көрсеткен көрсеткіш те жылдағыдан жоғары болды.


ТАТЬЯНА ЛЕВТЕР, СПОРТШЫ
 «Жарыстың деңгейі өте жоғары. Қарсыластар да жақсы дайындалып келген. Біршама уақыт осы турнирге арнайы дайындық жұмыстарын жүргіздік. Үлкен тәжірибе алаңы болды.»


ЖІГЕР ИБАТҰЛЛАҰЛЫ, СПОРТШЫ
– «Мұнда төрт категория бар. Соның төртеуінен де финалға шықтым.»