Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер, тұрғын үй және кәсіпкерлік салаларына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Түркістандық тұрғындар Жаңа қала аумағында орналасқан 20 қабатты тұрғын үйдің сапасына қатысты мәселелерді ортаға қойып, оны ретке келтіру жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Сондай-ақ, қала тұрғыны жеке кәсіп ашу үшін жер қарастыру жөніндегі өтінішін жеткізді.


Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Ол: «Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Тұрғындар көтерген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Тұрғын үй сапасына қатысты жауапты мердігерлердің жұмысы бақылауға алынады. Демалыс аймақтарында жерді заңдастыру және заңсыз құрылыс деректері бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Заң аясында шешім қабылданады. Шағын жеке кәсіп ашу жобасы кеңесте қаралады», – деді облыс әкімі. Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.