Түркістанда Қазақстанның репродуктивті медицина ассоциациясының XIII Өңірлік конференциясы өтті. Конференция Қазақстанда көмекші репродуктивті технологияларды (КРТ) енгізгеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Соңғы 30 жылда Қазақстанда КРТ арқасында 46 мыңнан астам бала дүниеге келді. Бұл сала медицинадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналды.


«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКҰ процедураларының саны жеті есеге артты, бұл бедеулікті емдеуге қолжетімділікті едәуір кеңейтті. 2021–2025 жылдар аралығында шамамен 34 мың ЭКҰ циклі жүргізіліп, нәтижесінде 13 мыңнан астам бала өмірге келді. Министр жүктіліктегі асқынулар мен көпұрықтылық жиілігін азайту, сондай-ақ КРТ бағдарламаларына дейін пациенттердің денсаулығын кешенді бағалау қажеттігін атап өтті. Конференция аясында бедеулікті хирургиялық емдеудің аспектілеріне арналған пресс-конгресс өтті. Қатысушыларға Қазақстан және шетел клиникаларынан онлайн трансляция арқылы «тірі хирургия» көрсетіледі. Сондай-ақ дәрігерлер мен резиденттерге арналған университеттік курс ұйымдастырылып, ол біліктілікті арттыруға және практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған. Конференция репродуктивті медицина саласының жоғары деңгейін және оның халықаралық мойындалуын растайды. Қазақстан 40-тан астам елден пациенттер мен мамандарды тартатын орталыққа айналғаны, ал отандық клиникалар Орталық Азия елдерінің әріптестеріне оқыту базасы болып табылатыны атап өтілді. Қазіргі уақытта елде ондаған ЭКҰ орталықтары жұмыс істейді, генетикалық тесттеуден бастап криоконсервацияға және жекеленген емдеу бағдарламаларына дейін инновациялық технологиялар белсенді енгізілуде.