Шымкенттік 33 жастағы азамат өзінің бүйрегін әкесіне беріп, аман алып қалды. Белгілі болғандай, реципиент 6 жылдан бері гемодиализге тәуелді болған. 65 жастағы азаматқа донор болу үшін 11 баласы мен бауырлары талдау жасатқан. Тек бір ғана ұлының нәтижесі оң келіп, бүйрек алмастыру отасы сәтті өткен. Қазір әке мен баланың жағдайы жақсы.


Қазыбек Дүйсеевтің жасы – 65. Зейнеткер. Созылмалы бүйрек дертіне шалдыққан оған дәрігерлер шұғыл трансплантологиялық ота жасату қажеттігін ескертеді. Әкесі үшін 11 баласы бүйрегін беруге дайын болған. Бірақ донор болуға тек 4-ші баласы сәйкес келген.


 ҚАЗЫБЕК ДҮЙСЕКОВ, РЕЦИПИЕНТ
«Бауырларың бар ма?» дегенде інімді алып келдім. Оның қаны ІІ топта болып, сәйкес келмеді. Үйде отырып балам да, қызым да мен беремін, – деп дайын тұрды. Анализ тапсырып, осы балам сәйкес келді. Екі күннен кейін отаға жаттық.


 Әкесіне бір бүйрегін берген Асхаттың 4 баласы бар. Әкесінің ауыр халде жүргенін көріп, шыдай алмадым, – деп отыр. Қан талдауы сәйкес келгенін білгенде отаға бірден келісім берген.


 АСХАТ ДҮЙСЕКОВ, ДОНОР
«Әкемнің гемодиализге жатып қалғанын көріп, шыдай алмадық. Ақылдаса келе бүйрек беретін болып шештік. Содан барлық анализін тапсырып, жасап шықты. Қазір әкемнің аман жүргенін көріп, мен қуанып жүрмін.»


 Қазір әке мен баланың жағдайы жақсы. Отадан кейінгі алғашқы күндері-ақ аяқтан тұрған. Айтып өтейік, Қазыбек Дүйсеев Шымкенттегі бүйрек трансплантологиясындағы ең жасы үлкен кісі.


РАХЫМЖАН ҮМБЕТЖАНОВ, ДӘРІГЕР-ТРАНСПЛАНТОЛОГ
«Өз қанша жылдан бері сахармен ауырған. Соңғы жылдардағы талдауларға қарап, операция қажет деп таптық. Баласының талдаулары сәйкес келді.»


Айтып өтейік, бүгінгі күнге дейін қалада 35 бауыр және 248 бүйрек трансплантациясы жасалған. Қазір ауруханада тағы бір 60 жастағы әке 36 жастағы ұлына бүйрегін беру үшін трансплантологиялық отаның кезегін күтіп жүр.