Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнар бұлақ елдімекенінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.


Іс-шара барысында 216 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың ішінде мас күйінде көлік басқару, қарсы бағытта жүру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншіге жол бермеу сынды құқық бұзушылықтар бар. Сонымен қатар, 18 автокөлік айыптұраққа қойылды. Аталған іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады. КСМ: Полиция жол қатысушыларын жол ережелерін бұзбауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.