Шымкент күн санап көркейіп келеді. Қаланың басты демалыс орындарының бірі – Шымсити саябағы тұрғындар мен қонақтарды жаңа, кең әрі көрікті алаңымен қуантпақ.


 Жаңа алаңда серуендеуге, демалуға және отбасылық уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, бұл аумақ заманауи инфрақұрылыммен толық жабдықталған. Мұнда балаларға арналған ойын алаңдары, спорттық аймақтар және жайлы демалыс орындары қарастырылған. Шымсити саябағы алдағы уақытта да қала тұрғындары үшін жайлы демалыс пен жағымды эмоциялар сыйлайтын тартымды орын болып қала бермек.