Қазақстанда музей мәдениетіне деген қызығушылық артып келеді. Жыл басынан бері ел музейлерін 820 мыңнан аса адам тамашалаған.
Мұндай көрсеткішке музей инфрақұрылымын дамыту, экспозицияларды жаңарту және көпшілікке, әсіресе жастар мен туристерге арналған заманауи форматтарды енгізу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді, – дейді министрлік. Қазіргі уақытта республика бойынша 285 музей жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 республикалық музей, 12 музей-қорық, 15 өңірлік тарихи-өлкетану, 71 мемориалдық және 16 көркемөнер музейі, сондай-ақ қалалық, аудандық және ауылдық музейлер бар. Қазақстан музейлері 26 халықаралық көрме, фестиваль және салалық форумдарға қатысып, шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Бұл халықаралық байланыстарды кеңейтіп, жаңа келісімдерге жол ашты.