«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымын қалыпты жағдайда сәтті аяқтады. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары толық көлемде әрі жоспардан бұрын орындалды.


Дайындық аясында газ шаруашылығы нысандарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жұмыстары жүргізіліп, барлық негізгі көрсеткіштер 100% орындалды. «Пергам» жылжымалы зертханасының көмегімен 1 928 шақырым газ желісі тексеріліп, анықталған ақаулар толық жойылды. Жылу беру кезеңінде тұтынушылардан түскен 6 469 өтінім уақтылы қарастырылып, абоненттер табиғи газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында газды қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Есепті кезеңде 7 489 жаңа тұтынушы газ жүйесіне қосылып, қосымша 593 абонент табиғи газға қол жеткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласында жылу беру маусымы тұрақты өтті. Компания алдағы уақытта да газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.