Шымкенттік оқушылар мектеп жылыжайында банан, ананас, лимон, маракуя секілді тропикалық жемістерді өсіреді. Оңтүстік климатына қолайсыз өсімдіктерді олар өзіндік тәсіл арқылы баптайды. Теориялық білімді іс жүзінде қолданып, қияр, қызанақ секілді көкөністерді де өндіреді.
Пирамида пішіндес мына лобороторияда тропикалық жемістер жайқалып тұр. Оқушылар жылына екі рет банан өндіріп, жемісін алады. Киви, ананас, лимон тұқымдарын да баптап, ерекше күтім көрсетеді. Биыл олар маракуя өсімдігін өсіре бастапты. Нәзік жемісті жетілдіру оңай емес, ғылыми дәлдікті қажет етеді. Бірақ, мектеп ұжымы оның жолын тапқан.
ЖАНСҰЛУ ЕРУБАЕВА, №89 IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
– «Бұл жердегі өсімдіктер Оңтүстіктің климатына сәйкес келмейді. Бірақ..» «Автоматты түрде суғару жүйесі бар. Температураны бірқалыпта ұстап тұру жүйесі де жұмыс істейді.»
Білім алушылар сирек кездесетін өсімдіктерді зерттеп, ғылыми ізденіс жасайды. Соның арқасында мектеп шәкірттері республикалық, халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Ал мына жылыжайда ауылшаруашылығы өнімдерінің 20-дан аса түрі өседі. Оқушылар сабақтан тыс уақытта арнайы келіп, көкөністерді суғарады, түбін қопсытып, күтім көрсетеді. Дайын өнімдер мектеп асханасына беріледі.
АҚПЕРДІ НҰРКЕЛДІ , №89 IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ
– «Мектебімізде қиярды жаңа әдіспен өсіру тәсілін ойлап тапқан болатынбыз.» «Көріп тұрғандарыңыздай, қияр тұқымын көш алғанша арнайы пластик жәшікке отырғыздық. Ертең күш алған соң арнайы жер теліміне отырғызып, өніп-өскенше бақылауда ұстайтын боламыз.»
Экологиялық мәдениетке басымдық білім ұясында 18 қоқыс сұрыптау жәшігі бар. Шәкірттер қағаз қалдықтарды бөлек, пластикалық материалдарды басқа ыдысқа салады. Апта сайын «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өтіп, шәкірттерге қоршаған орта құндылығын түсіндіреді.
ӘСИЯ НАРИМБЕТОВА, №89 IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Бұл сабақтың мақсаты эколгиялық жас өрен бойына жкологияға деген жанашырлық қалыптастыру.»