Қазіргі таңда студенттердің кәсіби білімді меңгеруі ғана емес, экологиялық сауаттылығының жоғары болуы да аса маңызды. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – әрбір жастың азаматтық міндеті. Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде арнайы шара өтті. Табиғатты қорғауға үндейтін жиынға білім алушылар белсене қатысты. Тақырыпты әріптесім тарқатады.
Колледж студенті Ұлжан Молда экологиялық таза өнімдерді насихаттауға белсене атсалысып жүр. Жас ізденімпаз энергетикалық сусындарды алмастыратын табиғи шәй әзірлеген. Дәруменге бай бұл өнімнің адам ағзасына тигізетін пайдасы мол,-дейді ол.
ҰЛЖАН МОЛДА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Бұл ең алдымен ас қорытуды жақсартады, табиғи сергектік береді.Энергетикалық сусынға балама ретінде жасадық.Құрамында В,Д дәрумендері бар.Шаш, тырнақ түсу мәселелерінің алдын-алады.
Шара шымылдығын колледждің еріктілер клубы ашты. Студенттер ақпараттық хаттар үлестіріп, экологиялық жауапкершілікті түсіндірді. Оқу орнындағы бөлме өсімдіктеріне күтім жасалып, жасыл желекті баптау жұмыстары жүргізілді. Қоршаған ортаны қорғау тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, флешмоб ұйымдастырылды.
АЙЖАН ТӘЖІБАЕВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бізде күнделікті сабақта экология жайы айтылып отырады. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасында да бұл бағыт қамтылған. Студенттеріміз өте белсенді.Түрлі жобалар жасап жатыр.
Колледж ұжымы сенбілік сайын айналадағы күл-қоқысты жинап, тазалық жұмысын жүйелі түрде жүргізеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.