Шымкентте әскери қызметшілер қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау тексерісін тапсыруда. Бұл сынақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында жүзеге асырылуда.


Сәуір айының басынан бастап Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде бақылау тексерісі басталды. Сынақ барысында әскери қызметшілер негізгі әскери пәндер бойынша өз дайындық деңгейін растайды. Олардың қатарында тактикалық, арнайы, атыс, дене дайындығы, саптық және мемлекеттік-құқықтық дайындық бар.Тексерістің негізгі мақсаты — жеке құрамның дайындық деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сондай-ақ қысқа мерзімде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын объективті бағалау.Бақылау сабақтары тұрақты орналасу пункттерінде де, оқу полигондарында да өткізіледі. Әскери қызметшілер сынақтарды тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибелік тұрғыда да — жеке және бөлімше құрамында тапсырады. Тексеріс қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік даярлығының деңгейіне және өткен оқу кезеңінің тиімділігіне кешенді баға берілетін болады.


 ҚУАНЫШ САУЫТ, ӘУЕ ШАБУЫЛЫНА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ
Біз барлық дайындық бағыттары бойынша емтихандарды сәтті тапсырып жатырмыз. Жеке өзіме бұл қиындық тудырмайды. Алғашқы күні-ақ дене дайындығы мен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сынақтарды тапсырдық. Нәтижесінде әрбір әскери қызметші тиісті бағасын алады