Қала әкімі Швейцарияда өткен жасөспірімдер арасындағы фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғап, алтын және күміс медаль жеңіп алғаны – ерекше жетістік.


Жүлдегерлер арасында қаламыздағы №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бар. Асылхан Асан алтын медальға қол жеткізсе, Дінмұхаммед Райымқұлов құрамамызға күміс медаль сыйлады. Сонымен қатар, фристайл-акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бағлан Іңкәрбектің еңбегін ерекше атап өтті. Оның кәсіби дайындығы, жүйелі әдісі және жоғары жауапкершілігі спортшыларымызды әлемдік деңгейде лайықты бәсекелестікке дайындауға мүмкіндік берді. Кездесу барысында қала әкімі спортшылар мен олардың бапкеріне жоғары нәтиже, табандылық пен таңдаған ісіне адалдығы үшін шынайы алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар мен демеушілер атынан ақшалай сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта да дарынды спортшыларды қолдауды жалғастырып, олардың дамуына барлық жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.