Бүгін есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты мен креативті хаб арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Ауқымды бастама ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік береді.
Креативті хаб ерекше жобаны қолға алды. Енді бұл мекеме оқу ордаларымен келісімшарт түзеді. Алғаш рет өткен шарада мамандар оқушыларға тегін шеберлік сабағын ұйымдастырды. Балалар қиялын қағаз бетіне түсіріп, өз өнерлерін ортаға салды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырып, арнайы меморандумға қол қойды.
АЙГҮЛ ЖАМАЛБЕКОВА, ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №1 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Осы мекемемен таныстыру үшін бүгін оқушыларды арнайы алып келдік. Екі жақты меморандумға қол қойдық. Енді балаларды өмірге бейімдеп, қоғамға кіріктіріп,түрлі жобаларды әзірлеуге дайынбыз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Орталық өкілдері тек сурет салу емес, сонымен қатар қолөнер, дизайн, цифрлық шығармашылық бағыттары бойынша да бірнеше жаңа жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Болашақта оқушылардың жұмыстарынан арнайы көрме ұйымдастыру да көзделген.
ЖАННА ЕЛТАНОВА, КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мұндай шаралар арқылы ерекше балалардың шығармашылығын шыңдаймыз. Енді мұнда жиы келіп, өздері қалған шеберлік сабақтарына қатыса алады. Осы арқылы қоғамға бейімделеді.
Креативті хаб–заманауи шығармашылық орталық. Мұнда келушілер өнерін ұштап, білімін тереңдетіп, талантын шыңдай алады.
ЕРКІН ТАЗАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл мастер класс қала тұрғындарына да тегін.Әлеуметтік желіге ұйымдастыратын шеберлік сабақтарымыздың тізімін жариялап отырамыз.Сол күні шеберлеріміз келіп, сабақ өткізеді.
Айта кетейік, бұл меморандум – инклюзивті орта қалыптастырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған. Алдағы уақытта тағы бірқатар жоба жасау жоспарланып отыр.