Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Былғары қолғап додасында ел намысын 20 спортшы қорғайды.


Оның 13-і жартылай финалға өтіп, жарыс жүлдегері атанды. 8 спортшы ақтық сынға жолдама алды, бірақ жартылай финал ойындары әлі де жалғасып жатыр. 4 спортшы жарысты жартылай финалдан соң аяқтап, қол медальға ие болды. Айта кетейік, Азия біріншілігінің ақтық мәресі 10 сәуір күні өтеді.