Негізгі Жаңалықтар КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда күрестен ел чемпионаты басталды. Шара Olympic Center спорт кешенінде шымылдық түрілді. Сайыпқырандар дзюдо, самбо және қазақ күресінен мықтыларды анықтауда.


 Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда құрамында мыңға жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде балуандар М1 жас санатынан бастап М9 санатына дейін сынға түсіп, әр жас деңгейінде 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталады.


Айта кетейік, бұл додада Түркістан облысының намысын қорғауға Самат Рысбеков, Нышанбай Құдайберген, Сәкен Рүстемов, Дінмұхамет Розметов сынды тәжірибелі спортшылармен қатар 30-ға жуық жерлесіміз қатысуда.


Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер күзде Босния және Герцеговинада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Түркістан төріндегі тартысты бәсеке бес күнге жалғасады.


Бөлісу