Абай ауданы, «Қайнарбұлақ» елді мекенінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде 216 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мас күйінде көлік басқару, қарсы бағытта жүру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншіге жол бермеу және өзге де құқық бұзушылықтар тіркелді. Сонымен қатар, 18 автокөлік айыптұраққа қойылды. Аталған іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.