Шымкентте тұрғынүйлерді модернизациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаладағы көпқабатты үйлердің жедел сатылары жаңартылуда. Нұрсат шағынауданындағы жаңғыртудан өткен үй тұрғындарының қуанышымен тілшіміз танысты.


Бұл Назарбаев даңғылындағы №24 үй. Тұрғындардың қоныстанғанына 10 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде кіреберістің қабырғалары сырланып, жеделсаты істен шыққан. Енді тұрғындардың өтініші негізінде жаңартылды.


ЖАРҚЫНБЕК ЕРЛАНҰЛЫ, ИНЖЕНЕР
Бағдарлама аясында бөліп төлеу қарастырылған. Бұл тұрғындар үшін тиімді, бөлу қатты қиындық туғызбайды.


САЛТАНАТ ЕГЕМБЕРДИЕВА, ТҰРҒЫН
Жаңа жедел саты орнатылып берді, біз өте қуаныштымыз, тұрғындар ризамыз.


Бағдарлама әсіресе көпқабатты үйлер үшін тиімді болып отыр. Бұған дейін бірнеше үйдің шатыры ауыстырылып, қабырғаларына мурал салынған.


ЖАҚСЫБАЙ ЕШМҰРАТОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ
Тұрғындардан өтініш болды, біз демеушілік жасап, жаңа люстра, айна сияқты бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргіздік.


 АННА АЛЕКСЕЕВНА, ТҰРҒЫН
Жаңа жедел саты орнатылып берілгенге қатты қуаныштымыз.


 Жедел сатыларды жаңарту бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Өткен жылы 29 үйдің жеделсаты жаңартылған. Алдағы жылдары жаңғыртылған үйлердің қатарын 35-ке дейін жеткізу жоспарлануда.