Қазығұрттық полицейлер мал ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Polisia.kz.- хабарлауынша сақшыларға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, белгісіз тұлғалар оның 20-дан астам қойы мен сиырын ұрлап кеткен.
Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгеден асқан. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, айғақтарды зерделеп, мал ұрыларының ізіне түскен. Нәтижесінде 20-35 жас аралығындағы 5 күдікті ұсталды. Тінту барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен 17 бас қой мен бір сиыр тәркіленді. Олар ұрланған малдың бір бөлігін сатып, түскен қаржыны жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.