«Достық үйінде» комьюнити орталық ашылды. Жаңа кеңістік этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға, мемлекеттік тілді ілгерілетуге септігін тигізбек. Мұнда этномәдени бірлестік мүшелері мен «Ассамблея жастары» ұйымы бас қосып, ел бірлігін бекемдеуге арналған жобалар әзірлеп, кеңесуге, түрлі іс-шаралар өткізе алады. Ашылу салтанатын әріптесім тамашалап қайтқан еді. Сюжеттен көрейік.
Орталықтың ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек пен «Ассамблея жастары» ұйымы қалалық өкілдігінің белсенділері қатысты. Салтанатты шара барысында қатысушылар жаңа орталықтың лентасын қиды.
Ашылу барысында этнографиялық жеке коллекциялар мен өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Еркін пікір алмасу алаңы ретінде жасақталған орталықта үйірмелер, би залы, кітапхана жұмыс істейді.
ШАХНОЗА ЖАНАЛИЕВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ МҮШЕСІ
Орталықтың маңызды мақсаты жастарға деген қолдау ретінде ашылған. Мұнда жастар өзінің бос уақытын тиімді пайдалана отыра өзінің көшбасшылық қасиеттерін аша алады. Орталықта әр түрлі үйірмелер, тренингтер, жобалар болады. Менің ойымша бұл оратлықтың ашылуы ең біріншіден үлкендерді қолдау ретінде ашылды деп ойлаймын. Түпкі мақсаты әртүрлі ұлттарды біріктіре отыра қазақтілін дамыту болып келеді.
Қала әкімінің орынбасары жаңа орталықтың қоғамдағы рөліне тоқталып, нысанның барлық қала жастарының игілігі үшін қызмет атқаратынын атап өтті. Сондай жақын арада «жастар саясаты» басқармасы құрылатынын айтты.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мна жиналатын орталық Достық үйінде жасалып жэатқан дүние. ЖАлпы қалада 400 мыңға жуық жастар бар. Бұйыртса болашақта комьюнити орталықтарын қарайын деп жатырмыз. Айтакететін нәрсе қаламызда жастардың санын үлесін мөлшерін есептей отырып, ішкі саясат жәнее жастар істері жөніндегі басқармасын қазір реформалаймыз деп жатырмыз. Соның құрамынан жастар саясаты басқармасын бөлек алып шығарып, жастар үшін арнайы басқарма құрамыз деп отырмыз.
Игі іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары жастармен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылады. Ассамблея жастары өз ойларын ортаға салып жолдауға қолдау білдіретіндерін жеткізді.