Түркістан облысында туберкулезге шалдығу деңгейі төмендеген. Соңғы 10 жылда науқастар саны 52,2 пайызға азайып, төсек қоры 740-тан 250-ге дейін, яғни 66,2 пайызға қысқартылған. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.


9,7%-ға төмендеген. Бір қуантарлығы өкпе құрт ауруының балалардың арасында азайғандығы байқалады. 2016 жылдан бастап туберкулезге қарсы жаңа препараттармен емдеу жүргізілуде. Ал, 2020 жылдан бастап қысқа мерзімді схема бойынша емге 355 науқас іріктеліп, оның бүгінгі таңда 320-сы емін сәтті аяқтап отырғаны сөз болды. 2025 жылдың мамыр айынан бастап BPal схемасы бойынша ем басталып, 17 науқас іріктеліп емделуде екен.