Шымкентте өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтайтын арнайы жүйе іске қосылды. FSM SOCIAL – әлеуметтік осал топ мүшелеріне жедел қызмет етуді көздейді. Жүйеде ішкі істер органдары мен жергілікті емханаларға түрлі оқиғамен хабарласқан жанұялардың анықтамасы жинақталған. Мамандар сол арқылы Отбасын қолдауға мол мүмкіндік алып отыр.
Миллионды шаһарда сан алуан тағдырлар бар. Отбасынынан қолдау таппағандар түрлі жағдайға түседі. Мамандар осындай қиын жағдайдағыларға ерте қолдауға жаңа жүйенің тиімділіг зор,-деп отыр.
ИКРАМ ӘБДІШӘКІР, «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Отбасылық қиын жағдайға тап болса, олар полицияға, білім басқармасында белгілі болады. Жергілікті емханада анықталады. Осы азаматтардың аты-жөндері анықтамасы сақталады.
Биылғы жылдың сегіз айында Шымкентте өмірлік қиын жағдайға тап болған 6 917 отбасыға 10 501 қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде 2 220 отбасы FSM Social жүйесіне тіркелген. Арнайы ақпараттық базаға тіркелген мәліметтер негізінде орталыққа 440 хабарлама келіп түскен. Соның 172-сі бойынша қолдау шаралары көрсетіліп, отбасыларға әлеуметтік және психологиялық көмек берілді.
ӘКІМБЕК ҚАСЫМБЕКҰЛЫ, «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ МАМАНЫ
Бұл жүйе шынымен де азаматтар үшін де бізге де тиімді болып отыр. Біз олармен кездесу уақытын белгілейміз. Бәріміз сол уақытта жиналып, ол отбасымен жұмыс істеу мүмкіндігі туады.
Жалпы жүйеге қазірдің өзінде 242 мемлекеттік ұйымнан 1 310 пайдаланушы қосылған. Бұл мамандар дер кезінде әрекет етіп, отбасыларға қажетті қызметті жедел ұсынуға мүмкіндік алып отыр.
Сонымен қатар, 1 780 отбасыға әлеуметтік кеңес берілген, ал құқықтық және психологиялық көмекпен 460 азамат қамтылды.
АБИБУЛЛА КАЛЫМБЕТ, «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл жерде бір жыл бойы ақпарат өшпейді. Ола азаматқа қандай да бір көмек керек болса, жүйеде тұрады. Азаматтардың мәселесі біреу ғана емес қой. Ол тағы да шыға қалса, ол жүйеден біз де дереу таба қоямыз.
Жаңа жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалар мен аналардың құқығын қорғауға бағытталған шараларды күшейтуге жол ашқан. Мамандардың айтуынша, интеграциялық модельдің арқасында отбасыға көрсетілетін көмектің сапасы мен тиімділігі артып отыр.