Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық бауырлар Махмұд пен Төрехан Сабырхан алтыннан алқа тағып, ел қоржынына қос тарихи жеңіс сыйлағаны белгілі. Дәл қазір біздің арнаның тілшілері қос чемпионның жаттығу залына барып, бапкерлерімен тілдесуде.
Жаттықтырушының айтуынша Махмуд пен Төрехан еңбекқорлығымен көзге түскен. Сол табандылық қос бауырды жеңіске жетеледі,-деп отыр.
Сондай-ақ чемпиондар оқыған №119 мектептің ұстаздары да Махмуд пен Сабырханның тәрбиелі шәкірт болғанын айтып, жеңістерін мектеп мақтанышына балап отыр.
Айта кетейік, биылғы әлем біріншілігіне 68 елден 540 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды. ШЫМКЕНТТІК ҚОС чемпионның жерлестерімен, сондай-ақ ата-анасымен болған сұқбаттың толық нұсқасын кешкі шығарылымда жеткізетін боламыз.