Түркістанда Президент жолдауын түсіндіру мақсатында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде кездесу өтті. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында қамтылған басымдықтар кеңінен қозғалды. Жиынды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалыны ұйымдастырды.
Жиынның мән-мазмұнына тоқталған спикерлер Президенттің жолдаулары еліміздің алдағы жылдардағы даму бағыттарын айқындайтынын айтты. Сондай-ақ инвестиция бұл ел экономикасына құйылатын қаржы ғана емес, жаңа технология, тәжірибе, жұмыс орындары, экоспорттық әлеует, инновациялық серпіліс екеніне тілге тиек етті.
ЕРМЕК БЕКБОСЫНОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ ДОЦЕНТІ
Ең бастысы инвестиция, өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылық саласы, көлік логистика сонымен қатар тұрғын үй, су мәселелерін әсіресе кәсіәпкерлердің цифрлық дамуы да үлкен рөл атқаруын, ең негізгі жан-жақты экономикалық даму негізінене адами капиталға байланысты. Сондықтан бұл жолдау өте маңызды сонымен қатар ішкі саясатқа экономикалық мәселелерді айта келе халықаралық қатынастар халықаралық қауіпсіздік мәселелерін де тілге тиек етті. СОндықтан бұл бастамаларды қолдауымыз керек.
Президент Жолдауының маңызды бағыты туризм саласы да талқыға түсті. Туризм – қазіргі жаһандық экономикада ірі серпін беруші сала. Түбегейлі қолға алынса жаңа жұмыс орындарын ашылып, аймақтық дамуды қамтиды, мәдениеттер мен өркениеттер арасында байланысты нығайтады, сыртқы инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жолдауда айтылған сөздер мемлекет, халық, экономика болып басталса көп айтылған сөз экономика болды. Одан кейінгі айтылған сөз халық 36 болды. Одан кейін сөздер жасанды интеллект пен цифравизация 32-33 болды. Бұл жолдаудың мәнін ашатын сөздер болды. ХАлықтың әл-ауқатын көтеру үшін экономиканы көтеру керек. Экономиканы цифрландыру арқылы жасанды интеллекті пайдалану арқылы өсіреді. Ары қарай
Жиын қорытындысында сөз алған ардагерлер жасанды интеллектімен жұмыс жүргізу, білімге ұмтылу – жастарға жүктелген абыройлы міндет деп байыптады. Жастарымыз отаншыл, ұлттық болмысына берік, жаңашылдыққа ұмтылатын, жасампаз рухты болуы қажет екеніне баса мән берілді.