Қазанның 25-і – еліміз үшін айрықша күн. Бұл дата – Қазақстанның тәуелсіздікке бастаған алғашқы тарихи қадамының белгісі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуына жол ашылды.


Сондықтан Республика күні – жай ғана мереке емес, бұл – елдің еркіндігі мен тәуелсіздікке деген ұмтылысының нышаны. Бұл күнде біз өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қараймыз.


Мереке қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар, патриоттық концерттер мен кездесулер өтеді. Мектептер мен ұйымдарда отансүйгіштікке, бірлікке, тәуелсіздік рухына тәрбиелейтін сабақтар ұйымдастырылады.


 Республика күні – әр қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятатын мереке. Бұл – ортақ Отанымыздың, тату елдің, бейбіт өмірдің мерекесі.


 Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Бірлігіміз бекем, рухымыз биік болғай!