Медициналық оңалту – бұл адамның аурудан, жарақаттан немесе отадан кейінгі дене және психологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған кешенді шаралар жүйесі. Оның басты мақсаты – науқастың өмір сапасын жақсарту, еңбекке қабілеттілігін арттыру және қоғамға қайта бейімдеу.
Мамандардың айтуынша, тұмау ауа арқылы тез жұғады. Адам түшкіргенде немесе жөтелгенде вирус ауаға тарап, оны қасындағы адам жұқтырып алуы мүмкін. Сол себепті қоғамдық орындарда, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағу, қашықтық сақтау маңызды.
Оңалту жұмысы тек дәрігердің ғана емес, сондай-ақ физиотерапевт, логопед, психолог, әлеуметтік қызметкер және емдік дене шынықтыру нұсқаушысының бірлескен еңбегін қажет етеді. Бұл салада әрбір маманның өз рөлі бар: бірі дене қозғалысын қалпына келтірсе, енді бірі психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда медициналық оңалту жүйесі белсенді дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірлерде арнайы оңалту орталықтары ашылып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, нейрооңалту, кардиологиялық, ортопедиялық, пульмонологиялық және балаларға арналған оңалту бағыттары қарқын алып отыр.
Медициналық оңалтудың нәтижелі болуы ең алдымен науқастың өз ынтасына, емге деген сеніміне және мамандармен тығыз байланысына байланысты. Денсаулықты қалпына келтіру – ұзақ, бірақ дұрыс бағытта жүргізілсе, толық сауығуға апаратын үдеріс.