Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті CAREC институтының халықаралық гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс қазақстандық университеттің ғылыми әлеуетін айқындап қана қоймай, халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашып, инклюзивті және цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осыған орай университетте Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: ОАӨЭЫ өңірі үшін масштабталатын модель» атты халықаралық іс-шара өтті.
Халықаралық жиын барысында шетелдік сарапшылар университеттің цифрлық және инклюзивті трансформация бағытындағы бастамаларына жоғары баға берді. Сонымен қатар, ЖИ-дің бағдарламалау мен педагогикалық әдістемелерді жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударып, ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.
Бұл халықаралық іс-шара — инклюзивті білім мен жасанды интеллектті біріктіру арқылы ОАӨЭЫ (Орталық Азия Өңірлік экономикалық Ынтымақтастығы) өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық көшбасшы ретінде танылуда.
Қазіргі таңда университетте инклюзивті білім берудің жаңа моделін ескере отырып, жаңартылған білім беру бағдарламалары әзірленіп, іске асырылуда. Барлық білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері үшін «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолдану» бойынша пән енгізілді. Сонымен қатар, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар бағытында 3 мемлекеттік қаржыландырылатын гранттық ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Аталған шaра білім мен технологияны тоғыстырып, болашаққа бағытталған жаңа идеялар қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастағы жаңа қадам болып табылады. АҚШ, Еуропа және Орталық Азия елдерінен келген халықаралық сарапшылардың тәжірибесі мен идеялары негізінде инклюзивті білім беруге жасанды интеллектті енгізудің аймақтық жол картасы әзірленіп, бүкіл Орталық Азия өңірінің білім кеңістігін жаңғыртуға жаңа серпін бермек.