Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған «AUYL INVEST FEST – 2026» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шара аясында балық шаруашылығын дамыту, инвестициялық әлеуетті арттыру және саладағы тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.


Алқалы жиында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер мен даму бағыттары сараланды. Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жергілікті әкімдік қызметкерлері мен шетелдік балық шаруашылығы кәсіпкерлері қатысты.


«Auyl Invest Fest – 2026» тек ресми жиынмен шектелмеді. Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспаздар балықтан түрлі дәмді тағамдар әзірлеп, ауыл тынысын бейнелейтін фотокөрме мен қолөнер бұйымдары ұсынылды. Сондай-ақ асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс және кір тасын көтеру бойынша жарыстар өтті.


 Мамандардың айтуынша, елімізде бұл саланы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 95 жоба іске асырылып, 21 мың тонна балық өндірілген. Тағы 41 жоба іске асырылу сатысында екені мәлімделді. Сонымен қатар 2021–2030 жылдарға арналған бағдарлама аясында балық жеміне 30–50% субсидия беру көзделген.