Мегаполисте дүбірлі дода. Еліміздің 20 аймағынан жиналған 265 оқушы өзара мықтыларды анықтауда. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 10, 11, 12-сынып оқушылары сайысуда. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада жоғары деңгейде өтуде.
Білім додасының мақсаты – қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылығы жоғары дарынды балаларды анықтау. Бұл сайысқа Шымкенттен 12 оқушы қатысып, бақ сынауда. Үш күнге жоспарланған іс-шара аясында оқушылар үшін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылған. Дарынды балалар мегаполистің тарихи орындарын аралап, өңірдің рухани мұрасымен танысады.
ГҮЛРАУШАН НҰРЖІГІТОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Қазір бізде үш аудиторияда жұмыстар жүргізіліп жатыр. 95 баладан екі кабинетте және 25 оқушыдан үш кабинетте жұмыстар жүріп жатыр. Балаларымыз білім бәйгесінде бақ сынауда. Ертең екінші тур өтеді.